Құрметті Жаңақала ауданы әкімдігінің ресми сайтына келушілер!


Сіздерді Жаңақала ауданы тұрғындары және өз атымнан Жаңақала ауданы жергілікті мемлекеттік басқаруының ресми WEB сайтында құттықтаймын.

Жаңақала ауданы-тек қана Батыс Қазақстан облысына емес, республикаға танымал үлкен мал шаруашылығымен айналысатын аудан. Ауданда асылтұқымды Еділбай қойлары, асыл тұқымды Көшім жылқылары, сонымен қатар ірі қара малдар мен түйелер өсіріледі.

Жаңақала ауданы - бұл Ұлы Отан соғысының батырлары және еңбек ардагерлері, ұлы күйші, сазгер, домбырашы, мәдениет және қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың Отаны.

Атап айтқанда, күй атасы Қ.Сағырбаев, күй анасы Д.Нұрпейісова, ұлы күйші - сазгерлер Қ.Жантілеуов, Мәмен, О.Қабиғожин, Ш.Қажғалиев, қазақ халқының еркіндігі үшін күресушілері М.Өтемісов, И.Таймановтардың Отаны.

Өзіне меншікті WEB сайт құру «Электрондық үкіметті» іске асырудың бірінші қадамы болып табылып, мемлекеттік органдардың жұмысын тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «"Электрондық үкімет" жасақтау жөніндегі жұмыстың нәтижелеріне мұқият талдау жүргізу керек. Осыны ескере отырып, әрі әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, осы заманғы ақпараттық технологияларды енгізуді жалғастыра беру қажет болады»,-деп атап көрсетті.

Менің ойымша Интернетте әкімдіктің ресми сайтының ашылуы мемлекеттік басқару органдарының тұрғындарымен қарым-қатынасын, жедел түрде мәлімет алмасуларына, әрбір сайтқа келушілерге аудан тарихы, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ақпарат алуға, өзін қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, алынған шешімдерге ұсыныстарын енгізуге жағдай жасалып отыр.

Әкімдіктің ресми сайты көпшілік тұрғындардың ой-пікірлерін қатерге алып, ауданның алға басуына қызмет ететініне сенімдімін.

Біз Батыс Қазақстан облысының және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін өзара тиімді қарым-қатынас жасауға әзірміз.

 

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Құрметпен, 

Жаңақала ауданы әкімі

Қарағойшин Науырызбай Қадырбайұлы


 Жаңалықтар


Бітімгершілік рәсімін түсіндіру аясында

26.02.2019

рисунок

Жаңақала аудандық сотының судьясы Мереке Шүкіров және кәсіби емес медиатор Рая Апахаева бітімгершілік рәсімін түсіндіру мақсатында аудандық колледж қызметкерлерімен кездесті.

Толығырақ...


"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының конференциясы

07.02.2019

рисунок

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Жаңақала аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясы өтті. Шараға Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Ж.С.Нұрғожин, аудандық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясының аудандық саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, аудан мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Толығырақ...


Жаңақалада «Жастар жылының» ашылуы өтті

07.02.2019

рисунок

Бүгін аудандық мәдени-демалыс орталығында «Ел болашағы – жастар» атты «Жастар жылының» ашылу салтанаты өтті. 

Толығырақ...


Билік пен бұқара жүздесті

30.01.2019

рисунок

Бүгін Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан тұрғындары алдында есеп берді. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, бірқатар облыстық басқарма басшылары және аудан тұрғындары қатысты.

Толығырақ...


Қоғамдық кеңес төрағасы есеп берді

28.01.2019

рисунок

28 қаңтар күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ, аудан әкімі Н.Қарағойшин және БАҚ өкілі қатысты.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...